Әлем чемпионатының алғашқы матчында Эквадор Катарды жеңді

Катардағы футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчында алаң иелері Эквадормен кездесті, Prosports.kz.
Турнирдің алғашқы матчы "Әл-Байт" стадионында өтті. Бұл ойында Эквадор 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі голды да шабуылшы Эннер Валенсия бірінші таймда соқты. Төреші футболшының тағы бір голын есепке алмады.
Осы ойыннан кейін Эквадор құрамасы А тобында бірінші, Катар соңғы орында тұр. Ертең А тобындағы қалған екі құрама - Сенегал мен Нидерланды кездеседі.
Катар құрамасы әлем чемпионатындағы келесі матчын 25 қарашада Сенегалға қарсы өткізеді. Дәл сол күні Нидерланды мен Эквадор ойнайды.
Әлем чемпионаты 2022. А тобы. Бірінші тур.
Катар – Эквадор – 0:2 (0:2)
Гол соққан: Валенсия 16 (0:1), Валенсия 31 (0:2)
Төреші: Орсато (Италия)
20 қараша. Эль-Хаур. «Әл-Бейт» стадионы. 60 000 көрермен.