Дзюдо

Дзюдодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Дзюдодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Атырауда дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні аралас командалық жарыстар өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша, дзюдошылар алты салмақ дәрежесінде белдесті (әйелдер: -57 келі, -70 келі, +70 келі, ерлер -73 келі, -90 келі және +90 келі). Аралас командалық чемпионатқа барлығы 18 команда қатысты.

Нәтижесінде финалда Маңғыстау облысынан 4:3 есебімен басым түскен Жетісу облысының командасы чемпион атанды. Қола жүлдені Атырау және Алматы облыстарының татами шеберлері жеңіп алды.

2022 жылғы Қазақстан чемпионатының жекелей сынына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан 500-ге жуық спортшы қатысты. Ақтөбе облысының татами шеберлері жекелей сында 3 алтын, 1 қола медаль жеңіп алып, медальдар кестесінде көш бастады. Атырау облысының дзюдошылары 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен екінші орын алса, Алматы қаласының командасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен үздік үштікті түйіндеді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар ұлттық құрама сапына алынып, жаңа маусым құрамы жасақталады.

Фото: olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер