Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді

20 қараша күні таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) қатысатын UFC Fight Night 215 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл Жұмағұловтың UFC-дегі алтыншы жекпе-жегі. Отандасымыз америкалық Чарльз Джонсонмен (11-3) кездеседі.

Болжам бойынша, олардың жекпе-жегі елорда уақытымен 00:00-де басталады, оны UFC ресми сайтынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, Жалғас UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жетті. Жұмағұлов кейінгі жекпе-жегінде америкалық Джефф Молинадан (11-2) жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или