Командалық

«Астана» ВТБ Біріккен лигасы матчында ЦСКА-дан жеңілді

«Астана» ВТБ Біріккен лигасы матчында ЦСКА-дан жеңілді

«Астана» баскетболшылары ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті маусымындағы матчта мәскеулік ЦСКА-дан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанада өткен кездесу 101:64 есебімен мәскеуліктердің пайдасына шешілді.

Кездесудің үздік бомбардирі 18 ұпай жинаған қазақстандық клубтың өкілі Маркелл Джонсон атанды. Ресейлік команда құрамында орталық Никола Милутинов ең көп ұпай жинады.

Еске салайық, 23 қарашада «Астана» сырт алаңда Нижний Новгородпен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0