ММА

Еркін Қажымұқан OCTAGON 37 турнирінде жеңіске жетті

Еркін Қажымұқан OCTAGON 37 турнирінде жеңіске жетті

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 37 турнирінде кештің дебюттік жекпе-жегінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

64 келіге дейінгі аралық салмақтағы жекпе жекте қырғызстандық Янтар Маманов (1-1) пен 18 жастағы қазақстандық Еркін Қажымұқан (1-0) кездесті. Бірінші раундтың соңына қарай Қажымұқан қарсыласына бірқатар ауыр соққы жасап, кейін Мамановтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартуға шешім қабылдаған. Осылайша, қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, O37 турнирінің басты жекпе-жегінде Владимир Рудак (3-1) қырғызстандық «Халк» Исламбек Бактыбек уулумен (6-2) кездеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниялар тобы.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0