Қазақстан жастары Еуро-2023 іріктеуін сәтсіз бастады

Қазақстан жастары Еуро-2023 іріктеуін сәтсіз бастады

19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін сәтсіз бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші іріктеу матчында қазақстандықтар шотландиялық Гринок қаласындағы Каппилоу паркінде Франциямен кездесіп, 0:7 есебімен жеңіліп қалды. Француз құрамасы сапынан голдарды Матис Тел (20-минут пенальтиден, 59, 90+1), Эдан Диоп (33, 75 пеналь), Шимонья Угочукву (55) және Моква Нтусу (89) соқты.

Қазақстан құрамасы келесі іріктеу матчтарын 19 және 22 қарашада тиісінше Шотландия және Исландия жастар құрамаларына қарсы өткізеді. Барлық матчтар Шотландияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0