Кукушкин мен Жұқаев Челленджер сериясы турнирлерін сәтті бастады

Кукушкин мен Жұқаев Челленджер сериясы турнирлерін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Хельсинкиде өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ашылу матчында қазақстандық Италия өкілі Стефано Травалььяны екі сетте 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Екінші айналымда Михаил ресейлік Евгений Карловскиймен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жұқаев та Жапонияның Кобе қаласында өтіп жатқан Челленджердің бірінші айналымынан сәтті өтті. Стартта қазақстандық жергілікті теннисші Ючи Сугитадан басым түсті - 4:6, 6:4, 6:4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или