Әлімханұлының қарсыласы жекпе-жектен кейінгі кездесу сәтінің видеосын жариялады

Ұлыбританиялық боксшы Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (13-0, 8 КО) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен жекпе-жектен кейінгі кездесуінің видеосымен бөлісті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Бентли Твиттер парақшасында Жәнібекке жекпе-жек үшін алғыс білдіріп, Palms Casino Resort ойын-сауық кешенінің сахна сыртынан видео жариялады:
«Құрметтен басқа ештеңе жоқ, чемпион! «Қазақ стилі», керемет жекпе-жек үшін рақмет».
Жәнібек Әлімханұлы Дензел Бентлиді төрешілер шешімімен жеңіп (116:112, 116:112, 118:110) әлем чемпионы атағын алғаш рет сәтті қорғап қалды.
Фото boxingscene.com
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или