Жазира Оракбаева Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Жазира Оракбаева Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

2022 жылы Амманда (Иордания) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жазира Орақбаева жапондық Ринка Киноситамен кездесіп, ұтылып қалды. Осылайша, Орақбаева құрлық біріншілігінің финалына шыға алмай, турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Назым Қызайбай (50 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келі) де қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Финалистер туралы айтатын болсақ, кем дегенде екі спортшы «алтын» үшін таласатыны сөзсіз - Алуа Балқыбекова (48 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или