Дзюдо

Қазақстандық парадзюдошылар әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық парадзюдошылар әлем чемпионатында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық парадзюдошылар әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Ақмарал Наутбек пен Әлішер Ерғали – әлем чемпионы. Қазақстандық парадзюдошылар үшін биылғы дүниежүзілік дода сәтті өтті.

Байрақты бәсекені Әзірбайжан астанасы Баку қабылдаған болатын және оған 40 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Араларынан жеңіл салмақта өнер көрсететін Ақмарал Науатбек қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлде еншіледі. Ол финалда паралимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері франциялық Ауриерес Мартинет Сандринді айқын басымдықпен жеңді.

Айта кету керек, әйелдер арасында әлем чемпионатынан алғаш алтын алып тұрмыз. Ал ерлер арасында елордалық Әлішер Ерғали қарсылас шақ келтірмеді. 73 келіде сынға түскен жерлесіміз финалда неміс спортшысы Сасс Леннартпен жолығып, 1:0 есебмен жеңіске жетті.

Бұған қоса, Қазақстан қоржынында екі қола бар. Оны жеңіл салмақтағы Даяна Федосова мен орта салмқатағы Олжас Оразалыұлы ұтып алды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер