Бокс

WBC ресейлік боксшыларды барлық рейтингтерден алып тастайды

WBC ресейлік боксшыларды барлық рейтингтерден алып тастайды

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман ұйым ресейлік және беларусь спортшыларын барлық рейтингтерден алып тастайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сулейменнаң сөзін журналист Лэнс Пугмир өзінің әлеуметтік желілерінде келтірді.

«WBC ережесіне сәйкес, Ресей мен Беларусь боксшылары бірден рейтингтен шығарылады. WBC бейбітшілікті жақтайды», - деді функционер.

Бұл шешімге ресейлік және беларусь боксшылары шағым түсіре алатыны, үкімнің Ресеймен байланысына қарай қайта қаралуы мүмкін екені атап өтілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0