Дзюдо

Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль алды

Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль алды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионатында 48 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты csp-parasport.kz-ге сілтеме жасап.

Ақмарал финалда паралимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері франциялық Ауриерес Мартинет Сандринді жеңді.

Пара дзюдодан әлем чемпионаты Бакуде 8-11 қараша аралығында өтеді. Жарыста 41 мемлекеттен келген 270 спортшы сынға түседі. Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 18 спортшы өнер көрсетеді.

Айта кетсек, тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медальді 2018 жылы 60 кг салмақта Олжас Оразалыұлы еншілеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер