Евсеев «Челленджердің» негізгі кезеңіне өте алмады

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Роандағы (Франция) «Челленджердің» негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Евсеев іріктеудің финалында франциялық Маттиас Буркпен (361-орын) кездесіп, 6:7 (5:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 45 минутқа созылды.
Осылайша, Евсеев жекелей сында «Челленджердің» негізгі кезеңіне шыға алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или