Теннис

Жібек Құламбаева: Әлем чемпионатында осал қарсылас жоқ

Жібек Құламбаева: Әлем чемпионатында осал қарсылас жоқ

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Жібек Құламбаева командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогы туралы пікірін айтты.

«Ел намысын қорғау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ауа райы мен кортқа бейімделу үшін ертерек келдік. Әлем чемпионатында осал қарсылас жоқ. Ұлыбритания мен Испания ойыншыларының тәжірибесі мол, жастары да бар. Олармен әзірге турнирлерде жолыға қойғаным жоқ.

Әрине, толқу да жоқ емес, бұл – менің ұлттық құрама үшін екінші рет ойнауым. Дегенмен Ярослава Шведова бастаған командамыз барын салатыны анық», деді Жібек Құламбаева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0