Бокс

«Канело» комаға түскен Ербосынұлына қолдау білдірді

«Канело» комаға түскен Ербосынұлына қолдау білдірді

Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес жасанды комаға түсіп қалған қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сен менің дұғамдасың, бауырым», - деп жазды «Канело» Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, өткен демалыста Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» чемпион атағы үшін өткен жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңіліп, кейін ауруханаға түскен болатын.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы биылғы көктемде Сауль Альварестің спарринг серіктесі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0