Азия чемпионаты: Ширек финал жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы

Азия чемпионаты: Ширек финал жекпе-жектерінің тікелей трансляциясы

Жексенбі, 6 қараша күні Амманда (Иордания) бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның жеті боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астана уақытымен сағат 16:00-де басталатын күндізгі сессияны «қазақ Ломаченкосы» - Махмуд Сабырхан (54 келі) ашады - ол моңғол Дорнямбуу Ганболдпен жұдырықтасады. Бесінші жұпта Серік Теміржанов (57 келі) иорданиялық боксшы Юсеф Иашашке қарсы рингке шығады. Сессияның тоғызыншы кездесуінде 60 келі салмақтағы Саматәлі Толтаев қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен кездеседі.

Кешкі сессия сағат 21:00-де басталады - онда төрт қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Төртінші жекпе-жекте Санжар Тәшкенбай (48 келі) шаршы алаңға шығады - ол қырғызстандық Мирлан Түрікбай ұлымен кездеседі. 11-ші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) Қырғызстанның тағы бір өкілі Жақсылық Талайбековпен шеберлік сынасады. 13-ші жұпта 48 келідегі Алуа Балқыбекова тай Типсатча Йодваримен кездеседі. Римма Волосенко (60 келі) моңғолиялық Номин-Эрдэнэ Төгсжаргалмен жек-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или