Милад Карими Әлем чемпионатының финалында 8-орыннан көрінді

Милад Карими Әлем чемпионатының финалында 8-орыннан көрінді

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан 51-ші Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып жатыр.

Қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудың финалында 12.100 ұпай жинап, 8-сатыда қалып қойды. Отандасымыз алғаш болып өнер көрсетті. Айта кетейік, Милад бұл бағдарламаның іріктеуінде 14.733 ұпаймен 3-орын алып, ақтық сынға жолдама алған. 

Джарнни Регини-Моран (14.533 ұпай) Ұлыбританияға жалпы осы спорттағы ӘЧ-ның алғашқы алтынын тарту етсе, екі жапониялық гимнаст қалған медальді өзара бөлісті. Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Дайки Хасимото күміс (14.500 ұпай), Дои Рёсукэ (14.266 ұпай) қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или