Клопп клубтан «Атлетиконың» жартылай қорғаушысын сатып алуды сұрады

Клопп клубтан «Атлетиконың» жартылай қорғаушысын сатып алуды сұрады

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп клубтан «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Маркос Льорентені сатып алуды сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «СЭ» сайтына сілтеме жасап.

Fiсhajes мәліметінше, «Ливерпуль» бастшылығы келіссөз жүргізу үшін испаниялық клубтың өкілдерімен байланысып жатыр.

27 жастағы Льорентенің «Атлетикомен» келісім шарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 40 миллион еуроға бағалайды.

Осы маусымда оның еншісінде 9 матч және бір гол бар.

Фото: Twitter

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0