Шорт-тректен әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Шорт-тректен әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен әлем кубогы кезеңі іріктеу жарысының нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшыларымыз 3000 және 5000 метрге жүгіруден әйелдер және ерлер эстафетасында жартылай финалына шықты.

Әйелдер эстафетасы:<span> </span>Яна Хан, Ольга Тихонова, Алина Әжғалиева және Анастасия Астраханцева.

Ерлер эстафетасы:<span> </span>Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Денис Никиша және Еркебұлан Шамхунов.

Ольга Тихонова 1500 метрде жартылай финалға, 1000 метрде ширек финалға шықты.

Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша 500 (1), (2) метрге жүгіруден ширек финалға өтті.

Әділ Ғалиахметов пен Нұртілек Қажығали 1500 метрге жартылай финалда бақ сынайды.

Ерлер арасындағы 1000 метрде спортшыларымыздың бәрі ширек финалға шықты: Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали және Еркебұлан Шамуханов.

Аралас эстафетада біздің құрама жартылай финалға өте алмады.

Финалдық жарыстар 5-6 қарашада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или