Дзюдо

Гранд-слэм турнирі: Екінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Гранд-слэм турнирі: Екінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бакуде (Әзірбайжан) Гранд-слэм (Үлкен дулыға) турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың екінші күні ерлер арасында 73 келі және 81 келіге дейінні салмақта, ал әйелдер арасында 63 келі және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесулер өтеді.

Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Данияр Шамшаев өнер көрсетеді. Ол турнирлік жолды екінші айналымнан бастайды, қарсыласы - әзербайжандық Тельман Валиев.

Ерлер арасында 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар өнер көрсетеді. Ол турнирді бірінші айналымнан бастайды, қарсыласы - аргентиналық Томас Моралес.

Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Самалай Ерғалиева мен Есмигүл Куюлова өнер көрсетеді. Ерғалиева әзербайжандық Айтаж Гардашханлимен, ал Куюлова хорват Ивай Оберанмен кездеседі.

70 келіге дейінгі салмақта қазақстандық балуан жоқ.

Іріктеу кезеңнің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады. Трансляция Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында осы СІЛТЕМЕ арқылы қолжетімді болады (порталға тегін тіркелу қажет). Финалдық белдесулер Астана уақытымен 19:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер