Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем құрамасы сапында бозкілемге шығады
5-6 қарашада Әзірбайжан астанасы Бакуде өтетін грек-рим күресінен Әлем Кубогына қатысатын елдің құрамалары белгілі болды.
Екі күнге созылатын турнирдің А тобында Белградтағы Әлем чемпионатында 1-ші, 4-ші және 5-орын алған Түркия, Иран, Қырғыз Республикасының бозкілем шеберлері бар.
Ал В себетіне 2-сатыдан көрінген Әзірбайжан мен алғаш рет жасақталып, бақ сынайтын Әлем балуандарының құрамасы түсті. Қазақстандық Айдос Сұлтанғали дәл осы, соңғы команда атынан өнер көрсетеді. Қызылордалық спортшы кыркүйекте Сербиядағы Әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Кристиан Кечкеметидің осал тұсын тауып, қола жүлдегер атанған-ды. Айта кетейік, бұл топта тағы ӘЧ-да 3-орын алған Сербия болған. Бірақ олар кеше қатыспайтынын мәлімдеді.
Бұл салмақта (60 кг дейін) Әзірбайжан намысын былтырғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, тәжірибелі Мурад Мамедов пен 20 жастағы Нихат Маммадли қорғамақ. Қазақстандықтың бұл балуандардың бірімен күресетіні анық. Егер топтан шығып жатса, келесі спортшылардың кез келгені қарсылас болуы мүмкін: Керем Кемал, Мүкремин Акташ (Түркия), Поуйя Мохаммад Насерпур, Мехди Сейфолла Мохсен Неджат (Иран), Нұрмұхаммет Абдуллаев (Қырғызстан).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или