Қазақстан құрамасының бас бапкері Катардағы әлем чемпионатында кімге жанкүйер болатынын айтты

Қазақстан құрамасының бас бапкері Катардағы әлем чемпионатында кімге жанкүйер болатынын айтты

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Евро-Футбол.Ру» басылымына берген сұхбатында Катардағы әлем чемпионатында кімге жанкүйер болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Көптеген командаға және кейбір футболшыларға жанкүйермін, бірақ мен Месси сияқты футболшы заманауи футболда үлкен із қалдырғанын қалаймын... Ол карьерасын аяқтап жатқан тұста әлем чемпионы титулының иегері болса деймін», - деді Адиев.

Катардағы әлем чемпионаты 20 қарашада басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады. Месси Аргентина құрамасымен бірге С тобында Польша, Мексика және Сауд Арабиясы құрамасымен кездеседі.

Аргентина құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын 22 қарашада Сауд Арабиясына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или