«Астананың» бас директоры қызметінен кетті

«Астананың» бас директоры қызметінен кетті

«Астана» бас директоры Тастанбек Есентаев клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Функционер елордалық клубта бұл қызметке өткен жылдың тамыз айында келген болатын. Бас директордың міндетін осыған дейін атқарушы директор қызметіне тағайындалған Арслан Беспаев атқарады.

ҚПЛ маусымының аяқталуына бір тур қалғанда «Астана» «Ақтөбеден» бір ұпайға озып, турнир кестесінде көш бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0