Шымкенттік полиция қызметкері аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды

Шымкенттік полиция қызметкері Қымбат Ахмет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
25 қазан мен 2 қараша аралығында Душанбе қаласында аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты өткізілуде.
Жарыста Азияның 22 мемлекетінен келген 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынауда. Қазақстан намысын қорғауға үздік 37 спортшы барған.
Шымкент қаласы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет 47 келі салмақта Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или