ATP рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады

ATP рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Базельдегі турнирдің ширек финалына шығуының арқасында 36-орынға көтерілді. Тимофей Скатов пен Бейбіт Жукаев та өз орындарын жақсартты. Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Дмитрий Попко және Григорий Ломакин рейтингте төмендеді.

Базельдегі турнирдің жартылай финалына өткен қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық рейтингте үш және алты сатыға көтерілді. Голубев 52-ші, Недовесов 57-орында.

ATP рейтингі. 31 қазандағы орындар
1 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 6730
2 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 5810
3 (+1). Даниил Медведев (Ресей) – 5655
4 (-1). Каспер Рууд (Норвегия) – 5510
5. (0). Стефанос Циципас (Грекия) – 5035
6 (0). Александр Зверев (Германия) – 4360
7 (0). Новак Джокович (Сербия) – 4320
8 (+1). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 3725
9 (-1). Андрей Рублев (Ресей) – 3685
10 (+1). Хуберт Хуркач (Польша) – 3220
36 (+2). Александр Бублик (Қазақстан) – 1165
141 (+5). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 402
235 (-1). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 227
287 (-8). Денис Евсеев (Қазақстан) – 175
321 (+10). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 155
324 (-10). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 152
938 (-73). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 13

Фото atptour.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или