Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Әуесқой бокста Қазақстан құрамасының капитаны болған Абылайхан Жүсіпов профи-рингтегі келесі жекпе-жегін биылғы қараша айында АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Американың Миннеаполис қаласындағы «Арморей» аренада 5 қарашада өтетін Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл жекпе-жегінің андеркардында тағы бір боксшымыз – Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетеді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Спортшымызға сәттілік тілейміз», - деп келтірілген боксшы командасының сөздері «Қазақстанның кәсіпқой боксы»<span> </span>Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, әуесқой бокста әлем чемпионатының үш мәрте қола медалін жеңіп алған А.Жүсіпов қазіргі уақытта А.Ербосынұлымен бірге АҚШ-қа келіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр.