Қазақ күресі

Қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогының жеңімпаздары анықталды

Қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогының жеңімпаздары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен «Turan Barysy» Азия Кубогында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды.

Жарысқа түркі мемлекеттері ұйымының алты еліТүркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстанжәне Қазақстан балуандары қатысты. Спортшылар жетісалмақ санатында белдесті: 55 келіге дейін, 60 келігедейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта.

Азия Кубогының финалына Қазақстан мен Өзбекстанкомандасы шықты. Қазақстандық балуандар өзбекспортшыларын 4:3 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазыатанды. Ақтық сында 90 келіден жоғары салмақтақазақстандық Ғалымжан Қырықбай өзбекстандықМухсин Хисомуддиновты белдесуде жеңіп, Қазақстанқұрамасына жеңіс әкелді. Қырғызстан балуандары 4:3 есебімен Әзербайжан командасын жеңіп, турнирдің 3-орын иегерлері атанды. Жеңімпаз командаларға жүлдеқоры тағайындалып, кубок ретінде Түркістан символы тайқазан берілді.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістан өтіп жатқан турнирдің маңызды екенін айтакеле, министрлік әрдайым ұлттық спортты дамытудықолдайтынын жеткізді. «Қазақ күресі түркі жұртынаетене жақын өнер түрі. Байырғы бабаларымызбалуандықты нағыз жігіттің ерекше сипаты деп білген. «Turan Barysy» болашақта спортсүйер қауымныңқызығып тамшалайтын үлкен жобасына айналады деп сенемін», - деді Дәурен Абаев.

Өзбекстан ұлттық құрамасының бапкері НосирАзизов финалдық белдесу жайлы ойын айтып, күмісжүлдені қанағат тұтатынын жеткізді.

«Бізді Қазақстан жақсы қарсы алды. Финалды бәріңізкөрдіңіздер. Қазақстаннан бұрын белдеспеген жасбалуандар өнер көрсетті. Финалға көңіліміз толады, себебі үш жыл үзіліс болып жарысты сағындық. Желтоқсанда қазақ күресінен өтетін әлем чемпионатынадайындалып жатырмыз», - деді Носир Азизов.

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Ерлан Естек: «Ұлттық құрамаға былтыр Қазақстан чемпионатындаүшінші орын алған балуандар жиналды. Басқа балуандаржелтоқсанда өтетін әлем чемпионатына дайындалыпжатыр. Қазақ күресіне қызығушылық танытсын деп ұлттық спортымызды дамыту үшін құраманы осылайжасақтадық», - деді Ерлан Естек.

«Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесініңТөрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша: «Жалпы Қазақ күресі мыңдаған көрерменді жинайтын, ерекшеқұрметке ие, танымал спорт түрі. Осындай сұранысқа иебайрақты бәсеке біздің ұлтымыздың өзіндік ерекшелігін, салт-дәстүрін насихаттауда көп мүмкіндік береді. «Turan Barysy» секілді турнирлерді көбірек ұйымдастырғансайын қазақ күресіне деген қызығушылық артып, оныңауқымы да кеңейе түсері сөзсіз».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер