Grand Slam: Камила Берлікаш екінші айналымға өтті
Дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан Гранд-слэм турнирінде қазақстандық Камила Берлікаш алғашқы қарсыласын жеңді.
Жарыстың бірінші айналымында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде түркиялық Себиле Акбулуттан басым түсті.
Берлікаш келесі жекпе-жегін португалиялық Рошель Нунеспен өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или