Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті.
«Панда» лақап атымен белгілі қазақстандық боксшы АҚШ-тың Орландо қаласында жекпе-жек өткізді. Ол шаршы алаңдағы қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21-17, 15 КО) бірінші раундта сұлатып түсірді.
Айта кетейік, Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегін 8 қыркүйекте Сантьяго де Толуда (Колумбия) өткізді. Онда жергілікті спортшы Мануэль Банкесті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.<span id="pastemarkerend" />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или