Бокс

Фалькао Головкинді жеңіп, әлемді таңғалдыруға уәде берді

Фалькао Головкинді жеңіп, әлемді таңғалдыруға уәде берді
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер Эскива Фалькао қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте әлемді таңғалдыратынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкин мен Фалько кездесуін WBA мен IBF бірлесіп бекітіп отыр. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы WBA Regular чемпионы Эрисланди Ларамен жұдырықтасады.

«Келесі жекпе-жек маған әлем чемпионы титулын әкеледі. GGG-ді жеңіп, әлемді таңғалдырамын. Жазып қойыңдар», — деп жазды Фалькао твиттерде.

Айта кетейік, Головкин қыркүйекте өткен кейінгі кездесуінде мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер