Киберспорт

IESF әлем чемпионаты: Қазақстан Dota 2 және PUBG MOBILE бойынша Азия іріктеуінде чемпион болды

IESF әлем чемпионаты: Қазақстан Dota 2 және PUBG MOBILE бойынша Азия іріктеуінде чемпион болды
news-banner7
mobile-news-top

Dota 2 және PUBG MOBILE бойынша Қазақстан командасы IESF 14-әлем чемпионатының Азия аймағы іріктеуінде чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионатқа іріктеу 3 қыркүйек пен 13 қазан аралығында өтті. Негізгі жарыс биыл 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Индонезияның Бали түбегінде өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, Qazaq Cybersport Federation қыркүйекте Mobile Legends: Bang Bang, Dota 2, CS:GO және PUBG MOBILE ойын түрлері бойынша командаларды таныстырды.

Іріктеу қорытындысында Қазақстан құрамасы PUBG MOBILE және Dota 2 бойынша іріктеу кезеңінің чемпионы атанып, халықаралық турнирге жолдама алды. MLBB және CS:GO сияқты ойын түрінде қазақстандықтар іріктеу кезеңінде екінші орын алды.

Сондай-ақ, 14-әлем чемпионатында қазақстандық киберспортшылар жоғарыда аталған ойын түрлерінен бөлек eFootball 23 және Tekken 7 бойынша да бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер