Бензема «Алтын доп» иегері атанды
Футболдан 2022 жылғы «Алтын доп» иегері анықталды. Бұл марапатты Франция құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема жеңіп алды.
Бензема - «Алтын допты» жеңіп алған бесінші француз футболшысы. Оның алдында бұл марапатқа Раймонд Копа (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан-Пьер Папен (1991) және Зинедин Зидан (1998) сынды француз ойыншылары ие болды.
– Бұндай деңгейгне жету оңай болған жоқ. Осы күнге дейін жасаған жұмыстарым, төккен терім ақталды. Ұлттық құрамадағы және «Реал Мадрид» клубындағы жігіттерге алғыс білдіргім келеді. Бұл - жеке адамға берілетін сыйлық. Бірақ командалық жұмыстың жемісі. Бала кезден бергі арманым орындалды. Өте қиын. Бірақ қолдан келетін шаруа екен, - деді Бензема.
Ерлер арасында «Алтын доп» иегері - Карим Бензема (Франция құрамасы, «Реал Мадрид»)
Әйелдер арасында «Алтын доп» иегері - Алексия Путельяс (Испания құрамасы, «Барселона»)
21 жасқа дейінгі үздік жас футболшы - Гави (Испания құрамасы, «Барселона»)
Лев Яшин атындағы «Үздік қақпашы» номинациясы - Тибо Куртуа (Бельгия құрамасы, «Реал Мадрид»)
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или