Қазақстандық атлеттер Азия чемпионатында алтын және қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық атлеттер Азия чемпионатында алтын және қола жүлдені жеңіп алды

Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық зілтеміршілердің жетістігі жалғасып жатыр.

Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Айзада Мүптілда жеңіске жетті. Бүгін 87+ келіден жоғары салмақта сынға түскен Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды.

Айзада жұлқа көтеруде 120 келі, серпе көтеруде 157 келіні, қоссайыс нәтижесінде 277 келіні еңсеріп, әлемдік жарыста топ жарды.

Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук қола жүлдегер атанды. Ол алғашқы жаттығуда 115 келімен күміске қол жеткізді. Ал серпе көтеруде 151 келіні көтеріп, қоссайыс нәтижесінде (266 кг) үздік үштікті түйіндеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или