Салах Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жылдам хет-трик авторы атанды
«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жылдам хет-трик авторы атанды, деп жазады Prosports.kz.
Салах топтық кезеңнің 4-турында өткен «Рейнджерспен» ойында (7:1) қосалқы құрамнан алаңға шығып, 6 минут 12 секундта үш гол соқты.
Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд <span>«Лиона» Бафетимби Гомиске тиесілі болатын. Ол</span> 2011 жылы Загребтің «Динамо» (7:1) қақпасына сегіз минутта үш гол соққан.
Чемпиондар лигасында ең жылдам хет-трик жасаған ойыншылар:
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или