Әлем чемпионаты: Соңғы жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Әлем чемпионаты: Соңғы жарыс күнінің тікелей трансляциясы

13 қазанда Ташкенттегі дзюдодан әлем чемпионатының сегізінші жарыс жарыс күні өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін аралас командалар арасында жеңімпаздар анықталады.

Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:

Ерлер: Данияр Шамшаев, Аңсарбек Гайнуллин (екеуі де – 73 келіге дейін), Дидар Хамза, Ерсұлтан Мұзапаров (екеуі де – 90 келіге дейін), Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев (екеуі де – 90 келіден жоғары)

Әйелдер: Севара Нишанбаева (57 келіге дейін), Анастасия Маякова, Есімгүл Куюлова (екеуі де 70 келіге дейін), Камила Берлікаш (70 келіден жоғары).

Іріктеу кезеңнің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 10:30-да, ал финалдық кезең 18:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясының сайтына мына СІЛТЕМЕ арқылы өтіп көруге болады (порталға тегін тіркелу қажет).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или