Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан жетінші жарыс күнін медальсіз аяқтады

Дзюдодан ӘЧ: Қазақстан жетінші жарыс күнін медальсіз аяқтады

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында ерлер арасында 100 келіден жоғары, әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл күні Қазақстан намысын екі дзюдошы Ерасыл Қажыбаев пен Камила Берлікаш қорғады.

Бастапқы жекпе-жекте Ерасыл Қажыбаев өзбекстандық Әлішер Юсуповтан, ал Камила Берликаш нидерландылық Марит Кэмпстен жеңіліп қалды.

Осылайша, Қазақстан жетінші жарыс күнінде медальдар үшін бәсекеден шығып қалды.

Фото: Olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или