Дзюдодан әлем чемпионаты: алтыншы күнінің тікелей трансляциясы
11 қазанда Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында ерлер арасында 100 келіге дейін, әйелдер арасында 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
100 келіге дейінгі салмақта екі қазақстандық - Нұрлыхан Шархан мен Ислам Бозбаев күш сынасады. Шархан бірінші айналымда Оңтүстік Корея өкілі Вон Джонгхунмен кездеседі. Бозбаев жекпе-жекке екінші раундтан шығады. Оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль Бузакарини болады.
Әйелдер арасында 78 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Аруна Жангелдина өнер көрсетеді. Ол жекпе-жекке екінші раундтан шығады. Жангелдинаның қарсыласы Қытайлық Тайбэй спортшысы Лю-Ли-Линг Ши.
Алдын ала жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 11:00-де басталады. Ал финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы елорда уақытымен 18:00-де басталады. Трансляцияны мына<span> </span>СІЛТЕМЕ<span> </span>арқылы Qazsport телеарнасының сайтынан, сондай-ақ Халықаралық дзюдо федерациясының сайтынан көруге болады (порталда тегін тіркелу қажет).
ФОТО ijf.org