Еркін күрестен Испаниядағы әлем чемпионатына баратын балуандар анықталды
17-23 қазан аралығында Испанияның Понтеведра қаласында 23 жасқа дейінгі балуандар арасында күрестен Әлем чемпионаты өтеді.
Көптеген ел бұл бәсекеге мықты құрамда келмек. Осы қатарда Қазақстан құрамасы бар бар. Ел намысын қорғайтын бозкілем шеберлері мынандай:
Грек-рим күресінен:<span> </span>Нұрзат Қабдырахимов (55 кг), Олжас Сұлтан (60 кг), Ержет Жарлықасын (63 кг), Алматбек Аманбек (67 кг), Ерасыл Нұрбасынов (72 кг), Жүніс Расұл (77 кг), Темірхан Байғанин (82 кг), Сайлау Мақсат (87 кг), Ислам Умаев (97 кг), Дамир Зупаров (130 кг)
Әйелдер күресі:<span> </span>Марал Тәңірбергенова (50 кг), Эллада Махяддинова (53 кг), Зейнеп Баянова (55 кг), Лаура Алмағанбетова (57 кг), Диана Каюмова (59 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Дариға Әбен (65 кг), Альбина Қайыргельдинова (68 кг), Александра Зайцева (72 кг) Іңкәр Жаңатаева (76 кг).
Еркін күрестен:<span> </span>Дәулет Теміржанов (57 кг), Асыл Айтақын (61 кг), Адлан Асқаров (65 кг), Талғат Сырбаз (70 кг), Ерхан Бексұлтанов (74 кг), Дәулет Ерғаш (79 кг), Мақсат Сатыбалды (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг), Юнус Гафуров (97 кг), Ерғали Әлішер (125 кг).
Айта кетейік былтыр бұл чемпионат 1-7 қараша аралығында Сербия астанасы Белградте өткен. Ал 2019 жылғы доданы Мажарстан астанасы Будапешт қабылдаған.