Дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан жүлдесіз қалды

Дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан жүлдесіз қалды

Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт Шредингера» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Үшінші айналымда Гауһар Ирмағамбетова польшалық Александра Калетеге есе жіберді.

Еске салайық, бұған дейін Ғұсман Қырғызбаев екінші айналымда жеңіліп қалған болатын. Оның қарсыласы екі дүркін Олимпиада жүлдегері оңтүстіккореялық Баул Ан болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или