Қазақстандық балуандар күрестен әлем чемпионатында 3 алтын медаль алды

Қазақстандық балуандар күрестен әлем чемпионатында 3 алтын медаль алды

Қазақстандық балуандар Болгарияның Пловдив қаласында ардагерлер арасында еркін күрестен әлем чемпионатында үш «алтын» алды.

Қазақстан еркін күрес федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, В дивизионында Есентай Хапар чемпион атанды. Ол 88 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

А дивизионында батысқазақстандық Нұрлан Бекжанов 70 келіге дейінгі салмақта қарсылас шыдатпады. Өзінің спорттық жолында ересектер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Нұрлан бұл жолы жеңістің ең биік шыңына көтерілді.

Сондай-ақ А дивизионында Абай Смағұлов 88 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз болды. Ол финалда үндістандық балуанды 7:5 есебімен ұтты.

Оған қоса Николай Кассяник (78 кг), Сергей Елисеев (100 кг), Әнуар Өксімбаев (130 кг) күміс, Амантай Нұрәділов (62 кг), Сабыржан Жолдаев (70 кг), Нұржан Нұрбеков (70 кг), Мұрат Түсіпбеков (70 кг) және Турпалали Сулиманов (78 кг) қола жүлдеге ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или