Дзюдодан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық екі балуан сайысқа түседі

Дзюдодан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық екі балуан сайысқа түседі

7 қазанда Өзбекстан астанасы -Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан сайысқа түседі.

Бүгін татамиге ерлерден Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) шығады. Ал әйелдерде Гауһар Ирмағамбетова (52 келі) сынға түседі.

Дүбірлі дода 6-13 қазан аралығында өтеді. Онда еліміздің атынан барлығы 17 спортшы қатысады. Оның 9-ы ерлер, 8-і әйелдер арасында сынға түседі.

Іріктеу белдесулері 6-13 қазан сағат 11:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или