Елдос Сметов әлем чемпионатында ел қоржынына екінші жүлдені салды

Елдос Сметов әлем чемпионатында ел қоржынына екінші жүлдені салды

Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін спорттық жолында басқа атақтарын айтпағанда, екі дүркін олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы атанған Елдос 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Дильшодбек Баратовпен татамиге шықты.

Тартысты белдесуде қосымша уақытта әдіс қолданып, вазари ұпайын алған Елдос жеңіске жетті.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или