Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

6-13 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын екі дүркін Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қорғайды.

Сондай-ақ, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (90 кг), Ислам Бозбаев пен Шархан Нұрлыхан (100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) дүниежүзілік додада бақ сынайды.

Әйелдер құрамасында Әбиба Абужақынова (48 кг), Гауһар Ирмағамбетова (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг) және Кәмила Берліқаш (+78 кг) татамиге шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или