Бокс

Чарло ма, Андраде ме? Абель Санчес Головкиннің келесі қарсыласы туралы айтты

Чарло ма, Андраде ме? Абель Санчес Головкиннің келесі қарсыласы туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Танымал америкалық бапкер Абель Санчес орта салмақта WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

Бапкердің айтуынша, Головкин келесі жекпе-жекте Джармалл Чарло мен Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға міндетті емес.

«Головкиннің қазір Андраде немесе Чарломен жекпе-жек өткізуіне ешқандай себеп жоқ. Бұл текетірестен ештеңе ұтпайды. Қоғам әрқашан бір нәрсені қалайды. Иә, Чарломен жекпе-жекті қалайтын жанкүйер көп, бірақ олар оны жылдар бойы шақырып келеді. Джермалл олардың текетіресі сәтті болуы үшін ештеңе істемеді», - деді Санчес.

Еске салайық, Головкин карьерасында үшінші рет екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альвареспен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер