Бұрынғы әлем чемпионы Головкин мен Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгиның бапкері Эрик Моралес шәкірті орта салмақтағы чемпиондардың бірімен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
WBA Super/IBF чемпионы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альварестен жеңілгеннен кейін <span>Мунгия</span>ның командасы GGG-мен жекпе-жек өткізуді асыға күтіп жүр. Олар WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарло мен WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен де кездескісі келеді.
- Головкинмен жекпе-жек өткізгіміз келеді. Бізге мұндай мүмкіндік қашан бұйыратынын күтеміз. Бұл біздің қандай деңгейде екенімізді көрсететін маңызды мүмкіндік болар еді. Бұл нұсқа іске аспаса, орта салмақта басқа екі чемпион бар (Джермал Чарло мен Жәнібек Әлімханұлы). Үш чемпионның бірі бізге жекпе-жек өткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Біз титулдық жекпе-жек өткізуді күтіп жүрміз. Мұндай мүмкіндік қашан туатынын көреміз. Оларға міндетті қарсылас атанамыз ба, әлде олардың өзі бізге жекпе-жек өткізуге мүмкіндік бере ме белгісіз, - деді Моралес мексикалық БАҚ-қа берген сұхбатында.