Әлем футболы

Роналду қанша жасқа дейін футбол ойнағысы келетінін айтты

Роналду қанша жасқа дейін футбол ойнағысы келетінін айтты

Футбол жұлдызы, «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Ұлттық құраманың тағы бірнеше жыл маңызды бөлшегі боламын деп ойлаймын. Мен әлі де ынталымын, амбицияларым өте жоғары. Ұлттық құрамадағы жолым әлі аяқталған жоқ. Бізде таланты жас ойыншылар көп. Мен әлем чемпионатында өнер көрсетемін және Еуропа чемпионатына қатысқым келеді», - деді 37 жастағы шабуылшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы Әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді. Ал Еуро-2024 турнирі Германияда болады. Іріктеу турнирінің жеребесі 9 қазанға жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0