Хоккей

Роман Савченко мансабын «Номадта» жалғастырады

Роман Савченко мансабын «Номадта» жалғастырады

«Барыс» хоккей клубы Роман Савченкомен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәжірибелі қорғаушы «Номад» қатарында Қазақстан чемпионатында 2022/23 маусымының соңына дейін өнер көрсетеді.

Роман Савченко қазақстандық жанкүйерлерге Құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» сапында ойнағанымен жақсы таныс. Бірінші команданың жейдесінде ол 500-ден астам кездесу өткізді. Қорғаныс ойыншысының статистикасында барлығы ҚХЛ-да 650 кездесу және 161 (59+102) ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0