ҚХЛ: «Барыс» көшбасындағы команданы ұтты
Құрлықтық хоккей лигасының матчында Астананың «Барысы» өз алаңында Екатеринбургтің «Автомобилистімен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.
Қонақтар осы матчтың айқын фавориті болатын. Ресейлік команда Лиганың Шығыс конференциясында бірінші, ал жалпы чемпионатта екінші орында тұрған.
Бірінші кезең толығымен алаң иелерінің еншісінде қалды. Энтони Луи мен Аркадий Шестаков екі гол соқты. Екінші және үшінші ширекте есеп өзгерген жоқ – 2:0.
24 қыркүйекте «Барыс» сырт алаңда Череповецтің «Северстальмен» ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или