Қазақстан алғашқы матчта Әзербайжаннан басым түсті

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Матч Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтті. Тартысты ойында Қазақстан 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Біздің құрама сапынан Эдсон (хет-трик), Альберт Акбаликов пее Дуглас Джуниор көзге түсті.
Ертең, яғни 20 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Әзербайжанға қарсы тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.
Еске салайық, Рикардо Кака шәкірттері футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне дайындықты жалғастырып жатыр. Топтағы қазақстандықтардың қарсыластары Словения мен Черногория құрамалары болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или