Еркін күрес

Олег Болтин қола медаль үшін болған белдесуде жеңіліп қалды

Олег Болтин қола медаль үшін болған белдесуде жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Аса ауыр салмақтағы Олег Болтин Белградтағы еркін күрестен Әлем чемпионатында қола медаль үшін болған кездесуде Олимпиада жүлдегері, 3 дүркін Әлем чемпионы, грузиялық Гено Петриашвилиге есе жіберді. Есеп 4:11.

Қазақстандық балуан белсенді қимылдап, есепте алда тұрғанымен, басымдығын кездесу соңына дейін сақтап қала алмады.

Жалпы чемпионатты 1/8 кезеңнен бастаған қазақстандық әуелі фин Йере Тапани Хейноненді 6:0 ұтқанымен, ширек финалда моңғолиялық Лхагвагерел Мунктурға есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер